
16 жасқа толмаған балаларға, жүктіліктің III триместрінде тәулігіне 100 мг-нан жоғары дозада қолдануға болмайды. I және II триместрде тек қатаң көрсетілімдер бойынша, ең төменгі мөлшерде қолдануға болады, емізіп жүрген кезде дәрігермен кеңесу қажет.
ДӘРІГЕРДІҢ РЕЦЕПТІСІНСІЗ САТЫЛАДЫ. ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОЛДАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚТЫ МҰҚИЯТ ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ. ӨЗ БЕТІҢІЗБЕН ЕМДЕЛУ ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗ ҮШІН ЗИЯНДЫ БОЛУЫ МҮМКІН. ҚР-ДЗ-5№024261 12.02.2025 ж. бастап: Мерзімсіз
Тромбопол Нео — бұл ацетилсалицил қышқылы
Жүрек және қан тамыр ауруларының қаупін азайтуға көмектеседі, қанды сұйылтады, қан тамырларының жағдайын жақсартады, ағзаға аурудың алдын алуға көмектеседі.

Дерек көзі: Нұсқаулық. «Фармацевтика саласы», ақпан № 1 (42) 2014 Химиялық-фармацевтикалық журнал. 39-том, № 1, 2005.
Терапияның ұзақтығын дәрігер анықтайды. Препарат қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда ұзақ уақытқа тағайындалуы мүмкін.
Ішке қабылдауға арналған. Таблеткаларды тамақтан соң жеткілікті мөлшердегі сұйықпен (½ стақан сумен) ішіп, тұтастай жұтып қою арқылы қабылдаған жөн.
Жүктілік кезінде Тромбопол Нео препараты рецепт бойынша және дәрігердің бақылауымен қолданылуы мүмкін. Жүктіліктің III триместрінде жоғары дозада (тәулігіне 100 мг-нан жоғары) қолдануға болмайды. I және II триместрлерде препаратты тек қатаң көрсетілімдер бойынша және ең төменгі дозаларда қолдануға болады. Сәбиді емізіп жүрген кезде препарат оның емшек жасындағы балалар үшін ықтимал қаупі мен терапияның ықтимал пайдасын бағалай отырып, дәрігердің тағайындауы бойынша қолданылады.
Тромбопол Нео рецептісіз сатылады. Алайда қолданар алдында дәрігермен кеңесіп, медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулығымен мұқият танысып шығу керек
